Мессидің неге ПСЖ-да қалғысы келмейтіні белгілі болды

Мессидің неге ПСЖ-да қалғысы келмейтіні белгілі болды
Фото: ©REUTERS

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси "Пари Сен-Жерменмен" келісімшартты ұзарту туралы бір шешімге алмай жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Le Parisien басылымының мәліметінше, келіссөз француз клубы ұсынған қаржы мәселесіне байланысты созылып жатыр. Париждік басшылық шабуылшының жалақы мөлшерін азайтуды қалайды. Бірақ қазір жылына 38 миллион еуро алатын аргентиналық мұндай қадамға баруға ниетті емес.

Мессидің ПСЖ-мен келісімшарты 2023 жылғы 30 маусымға дейін, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Бұған дейін БАҚ Месси мансабын MLS Интер Майами клубынан жалғастыруы немесе 2003-2021 жылдар аралығында ойнаған Барселонаға оралуы мүмкін екенін жазған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек