Күрес түрлерінен биылғы Азия чемпионаты Астанада өтеді

Күрес түрлерінен биылғы Азия чемпионаты Астанада өтеді
Фото: uww.org

Күрес түрлерінен 2023 жылғы Азия чемпионаты Астанада өтетін болды. Бұл туралы Біріккен күрес қауымдастығының (UWW) ресми сайты хабарлады.

Сары құрлықтың басты додасы биыл Нью-Делиде өтеді деп жоспарланған. Алайда Біріккен күрес қауымдастығы Үндістан күрес федерациясынына қатысты тергеу басталған соң чемпионатты Астанаға ауыстырды.

Астана 2019 жылы әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізді, 2021 жылы Қазақстанда Азия чемпионаты өтті. Өткен жылы Алматыда үш бірдей рейтингілік жарыс болды, - деп жазады UWW.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынатын дода 7-14 сәуірге жоспарланып отыр. Азияның кіл мықты балуандары бақ сынайтын болады.

О. Сансызбай