Қазақ-өзбек текетіресі. Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов жұдырықтасады

Қазақ-өзбек текетіресі. Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов жұдырықтасады
Фото: Данияр Майлыбаев

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турниріндегі жекпе-жектер жалғасады. Бүгін 8 бірдей қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Оның үшеуінің қарсыласы – өзбек боксшылары.

Сегіз боксшының төртеуі күндізгі сессияда шаршы алаңға шықса, қалған төртеуі кешкі сессияда бақ сынайды. Жанкүйерлер асыға күтетін жекпе-жектің бірі аса ауыр салмақтағы отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбек боксшысы Баходир Жалолов арасында болмақ. Қамшыбек Токио Олимпиадасының қола жүлдегері болса, Баходир чемпион атанған. Өзбек боксшысы кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Екі боксшы 2017 жылдан бергі аралықта бес рет жұдырықтасқан. Оның төртеуінде өзбек боксшысының мерейі үстем болған.

Өзара кездескен жекпе-жектері:

Азия чемпионаты.

2017 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.
2019 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.
2021 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.

Әлем чемпионаты.

2017 жыл. 1/4 финал. Қамшыбек жеңді.
2019 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.

Жанкүйерлер қазақ-өзбек боксшылары арасында тағы екі жекпе-жектің куәсі болады. 86 килоға дейінгі салмақта Бекзат Таңатар Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасса, 67 килода Темірхан Тезек Бехзод Хамидовпен қолғап түйістіреді.

Бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылар:

Күндізгі сессия:
51 кило. Кенже Мұратұлы - Бишвамитра Чонгтхам (Үндістан)
57 кило. Оразбек Асылқұлов - Луис Оливейра (Бразилия)
80 кило. Бекзат Нұрдәулетов - Артем Агеев (Сербия)
92 кило. Абзал Құттыбеков - Артем Иорданян (Грузия)

Кешкі сессия:
48 кило. Ернұр Қайрат - Лука Кублашвили (Грузия)
67 кило. Темірхан Тезек - Бехзод Хамидов (Өзбекстан)
86 кило. Бекзат Таңатар - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)
+92 кило. Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Джалолов (Өзбекстан)

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай