Месси Барселонаға оралуы мүмкін. Әкесі келіссөз жүргізіп жатыр

Месси Барселонаға оралуы мүмкін. Әкесі келіссөз жүргізіп жатыр
Фото: twitter.com/UEFAcom_ru

Пари Сен-Жерменнің шабуылшысы Лионель Месси биыл жазда Барселонаға оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Jijantes FC футбол клубының журналисі Жерар Ромероның айтуынша, Месси, оның әкесі және футболшының айналасындағылар каталондық клубқа оралуды қарастырып жатыр. Хорхе Месси Жоан Лапортамен ("Барселонаның" президенті), ал Лионель Хавимен (клубтың бас бапкері) келіссөз жүргізіп жатыр.

"Месси оралады деп айтқым келмейді, бірақ позициялар бұған жақын. Бұрын ешкім сенбеген мүмкіндік туып тұр. Хави мен Лео үнемі сөйлесіп тұрады", - деді Ромеро.

Ал Мессидің әкесі бірнеше күн бұрын мәлімдеме жасаған еді. 

"Менің ойымша, Лео "Барсаға" оралмайды. Ешқандай ұсыныс пен шарт жоқ", - деді ол.

Еске салайық, Месси "Барселонада" 2021 жылға дейін ойнаған еді. Кейін қаржылық қиындыққа байланысты каталондықтар онымен келісімшартты ұзарта алмады. Мессидің француздармен келісімшарты 2023 жылғы жазға дейін.

Осы маусымда аргентиналық ПСЖ сапында барлық жарыста 27 ойынға қатысып, 16 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек