WBC Данияр Елеусіновке қатысты күтпеген шешім шығарды

WBC Данияр Елеусіновке қатысты күтпеген шешім шығарды
Фото: olympic.kz

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) өз дивизионында Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұрынғы нұсқада қазақстандық 20-орында болса, қазір рейтинг кестесінде жоқ. 

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Елеусінов ұзақ уақыт бойы титулын қорғамағандықтан, жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын алып қойғаны белгілі болған еді.

Жақында қазақстандық АҚШ-та тағылымдамадан өтті. Бірақ оның рингке оралғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

С. Бөлек