"Қазақстандық шахматшылар арасында құрбыларым жоқ". Бибісара Асаубаева күтпеген мәлімдеме жасады

"Қазақстандық шахматшылар арасында құрбыларым жоқ". Бибісара Асаубаева күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/bibisarachess

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікпен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.

"Жансая Әбдімәлік ересектер арасындағы Әлем чемпионатында бірде-бір рет жеңіп көрмеді. Ол тек жасөспірімдер арасында ғана жеңіске жеткен. Қазақстандық шахматшылар арасында құрбыларым жоқ", - дейді спортшы. 

Спортшының анасы Лиана Таңжарықова Шахмат федерациясымен Бибісара Асаубаева арасындағы түсініспеушілік туралы айтты. 

"Былтыр мен түсінбейтінмін. Басқа шахматшылар жеңгенде Бибісара міндетті түрде оларды құттықтап отырады. Ал былтыр не болғанын түсінбедім. Ол тек Бибісараның жеңісі емес қой, Қазақстанның жеңісі ғой. Менің сұрақтарым пайда болды, әрине, мен шахмат әлемін түсіне бермеймін ғой. Сол кезде шахматтан басты бапкер Павел Коцурдан "неге бізді басқа шахматшылар, олардың ата-аналары құттықтамайды" деп таңғалып сұрадым. Ол "сенің қызың басқа шахматшылардың арманын тартып алды", - деді ол. 

Еске салайық, биыл қаңтарда шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарыста әйгілі ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді жеңгенін хабарлаған едік. 

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

С. Бөлек