World sport ranking: Қазақстан қай орында?

World sport ranking: Қазақстан қай орында?
Фото: ©qmonitor.kz

Халықаралық жарыстарды негізге ала отырып түзілетін Worldsportranking рейтингі жаңарды. Қазақстан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3 саты төмен сырғып, 45-орынға жайғасқан. 

Рейтинг 115 спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардағы нәтижені назарға алады. Осы арқылы 206 елдің рейтингі түзіп шығады. 

Өткен жылғы рейтингте Қазақстан құрамасы 42-орында болатын. 2022 жылғы халықаралық турнирлер нәтижесінде 45-орынға төмендеген. 

Алғашқы ондыққа АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Аустралия, Испания, Жапония, Бразилия, Италия, Қытай және Аргентина құрамалары енген. 

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова