MMA-де өнер көрсететін қазақстандық файтерлердің табысы қандай?

MMA-де өнер көрсететін қазақстандық файтерлердің табысы қандай?
Фото: instagram.com/octagonleague

OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов қазақстандық ММА лигаларында өнер көрсететін файтерлердің жалақысын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Файтерлердің жалақысында шектеу бар. Бастысы - үздік болған жағдайда берілетін гонорар. Демеушілермен жасалатын келісімшарттар бар, бірақ ол үшін де арнайы талап қойылады, сол талапқа сай болуы керек. Лигада, жалпы қазақстандық нарықта үздік файтерлер 10 мың долларға дейін табады. Бұл қазақстандық лигаларда жекпе-жекке шығатындардың жалақысы", - дейді Садықов.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина