"Керемет нәтиже". Соболенко Рыбакинаның командасына алғыс айтты

"Керемет нәтиже". Соболенко Рыбакинаның командасына алғыс айтты
Фото: twitter.com/AustralianOpen

Australian Open - 2023 чемпионы Арина Соболенко Елена Рыбакинаның командасына алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Еленаға осы адам сенгісіз екі апта үшін рақмет айтқым келеді. Сен керемет ойыншысың. Біз әлі де осы сияқты көп матчта кездесеміз деп үміттенемін. Сенің командаңа алғыс айтқым келеді. Сіздер Еленаны керемет етіп шығара алдыңыздар. Бұл - керемет нәтиже. Құтты болсын!",  - деді Australian Open - 2023 чемпионы.

Еске салайық, бүгін, 28 қаңтарда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open – 2023 турнирінде Беларусь теннисшісі Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Рыбакина жеңіске бір табан жақын тұрған еді. Есеп 6:4, 3:6, 4:6 болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан