Елена Рыбакина Australian Open финалында бірінші сетте жеңіске жетті

Елена Рыбакина Australian Open финалында бірінші сетте жеңіске жетті
Фото: championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесудің бірінші сетінде жеңіске жетті.

Шешуші кездесуде 23 жастағы Рыбакина  24 жастағы беларус спортшысы Арина Соболенконы 6:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 жарысының финалына Беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсіп шыққан болатын.

1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті.

Елена Рыбакина – Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші.  Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған. 

Т. Раушанұлы