Тарихи сәт! Қазақ қыздары дзюдодан Гран-При финалында белдесті

Тарихи сәт! Қазақ қыздары дзюдодан Гран-При финалында белдесті
Фото: IJF

Бүгін Португалияның Алмада қаласында дзюдодан Гран-При турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күні сәтті өтті. Қыздар арасында екі қазақ қызы Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева финалға сүрінбей шықты.

Жылдың алғашқы бәсекесі қазақ дзюдосының тарихына алтын әріппен жазылды деуге болады. Себебі алғаш рет әйелдер арасында екі қазақ дзюдошысы финалда күресті.

Финалдық белдесуде Абиба Әбужақынова бір вазари ұпайымен жарыс жеңімпазы атанды. Ал Ғалия Тынбаева күміс медаль еншіледі.

48 килоға дейінгі салмақта 19 дзюдошы бақ сынады.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова