Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды

Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, қола жүлде жеңіп алды.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе, неміс спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды иеленді. Бұл туралы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлде, ал спринт жарысында алтын медаль жеңген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан