Australian Open-2023: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды

Australian Open-2023: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы белгілі болды
Фото: twitter.com/AustralianOpen

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Australian Open-2023 финалындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның қарсыласы әлемнің бесінші ракеткасы - Беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Ол жартылай финалда Польша спортшысы Магда Линетті 7:6(7:1), 6:2 жеңген.

Әлемдік рейтингіде 25-орында тұрған Рыбакина жартылай финалда тағы бір Беларусь теннисшісі Виктория Азаренконы жеңіп, финалға өтті және топ-10 теннисшінің қатарына енді. Ол бұл турнирдің финалына жолдама алған алғашқы қазақстандық болды.

Рыбакина мен Соболенко арасындағы финалдық матч 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан