Қазақстандық үш боксшы финалда өзбек спортшыларына есе жіберді

Қазақстандық үш боксшы финалда өзбек спортшыларына есе жіберді

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы 3 алтын медальмен аяқтады. Үш боксшымыз финалда өзбек боксшыларына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Азия чемпионатының финалында 48 килоға дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысы Шодиержон Меликузиевті жеңіп, алтын медаль еншіледі. Ізін ала шаршы алаңға көтерілген Нұрсұлтан Алтынбек те алтын медальды еншілеп шықты. Ол филиппин боксшысы Флинт Джарадан айласын асырды.

Үшінші алтын медальды Қазақстан құрамасы қоржынына Махмұд Сабырхан салды. Ол 57 килоға дейінгі салмақтың финалында тай боксшысы Саравут Суктхеттен айласын асырды.

71 килоға дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысы Нұрислам Исмойловқа жол берді. Қарсыласын екінші раундта нокдаунға да түсірген. Бірақ төрешілердің бөле жарған шешімі бойынша күміс жүлдегер атанды.

67 килоға дейінгі салмақта Абзал Серік финалда өзбек Бехзод Хамидовпен жұдырықтасқан. Төрешілер (4:1) - 28:29, 29:28, 29:28, 30:27 және 29:28 есебімен қарсыласын жеңімпаз деп таныды.

Соңғы болып финалда жұдырықтасқан Диас Молжігітов 75 килоға дейінгі салмақта күміс жүлдені қанағат тұтты. Ол да өзбек боксшысына жол берді.

22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты қорытындысы бойынша отандастарымыз ерлер арасында 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль еншіледі. Қыздар арасында 2 алтын, 7 қола жеңіп алды.

Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы көш бастады. Олар 9 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған. Екінші орыннан Қазақстан құрамасы көрінсе, үштікті 1 алтын, 1 күміс, 2 қола еншілеген Филиппин құрамасы қорытындылады.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова