Қазақстандық актердің атышулы ресейлік файтермен жекпе-жегі туралы жаңа дерек шықты

Қазақстандық актердің атышулы ресейлік файтермен жекпе-жегі туралы жаңа дерек шықты
Фото: @mmafighters.kz

Қазақстандық ММА файтері және актер Еркебұлан Тоқтар Шовхал Чурчаевпен жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды mmafighters.kz. Жекпе-жек OCTAGON лигасында өтуі мүмкін.

"Дереккөздердің мәліметінше, OCTAGON лигасында ММА жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Тоқтар мен Чурчаев. Жыл жекпе-жегі Қазақстанда жоспарланған! Кім жеңеді?" – деп жазған басылым.

Айта кетейік, Тоқтар кейінгі жекпе-жегінде ирандық Джабер Мирзазадені жеңген еді. Жекпе-жек Алматыда OCTAGON 38 турнирінде өтті.

Сонымен қатар, Чурчаев ММА-мен қатар, поп-ММА файтері ретінде танымал. Чурчаев 2020 жылғы жекпе-жектердің бірін қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен өткізіп, бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

Бұған қоса, Чурчаев "парсы дағыстандығы" атанған ирандық ММА файтері Мохаммад Хейбатиді ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқан еді.

Олардың арасындағы жанжал 21 тамызда Мәскеуде болған. Подкаст жазып жатқанда Чурчаев Хейбатиді кенет басынан ұрып нокаутқа түсірді, содан кейін ол мылтығын алып, тізеге тұруын бұйырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MMA FiGHTERS KZ (@mmafighters.kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек