"Ақ көйлек киген, көк көйлек киген". Канело қазақстандық хит әнге биледі

"Ақ көйлек киген, көк көйлек киген". Канело қазақстандық хит әнге биледі
Фото: instagram.com/canelo/

Сауль Канело Альварестің қазақ әніне билеген сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Боксшы жаттығуды тоқтатып, танымал әнге билеген. Ал видеоны Suleimen Promotions компаниясы Instagram-да жариялаған.

"Канело Қазақ елі мен өнерін қатты құрметтейді. Әсіресе, қазақ әндерінен керемет әсер алып, билегенді жақсы көреді. Бұл - сол сәттен үзінділер", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

Видеода қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің билегенін байқауға болады, содан кейін Альварес те "Меховая 8/1" тобының "Тойға шашу" әніне бірнеше би қимыл жасайды.

Промоутерлік компания мәліметінше, бұл - қазақстандықтардың екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионымен бірлескен жаттығуы.

Дайындыққа Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Данила Семенов және Евгений Павлов қатысқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова