Қазақстандық парашаңғышы Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық парашаңғышы Әлем чемпионы атанды
Фото: csp-parasport.kz

Швецияда парашаңғы және парабиатлоннан өтіп жатқан Әлем чемпионатында спринттік жарыс бойынша отандасымыз Ербол Хамитов жеңіс тұғырына көтерілді. 2:44:23 уақыт көрсеткішімен мәре сызығына бірінші жетіп, алтын медаль иеленді.

Спринт сайысында күміс жүлдені украиналық Тарас Рада еншілесе, қоланы бразилиялық Кристиан Вестмайер иеленді.

Ербол Хамитов бұған дейін 7,5 шақырым қашықтықта қола жүлдегер атанған еді.

Жарыс Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр. Оған 18 мемлекеттен 102 спортшы қатысып, бақ сынауда. 29 қаңтарға дейін жалғасады.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова