Елена Рыбакина AusOpen-2023 жартылай финалында Беларусь спортшысымен ойнайды

Елена Рыбакина AusOpen-2023 жартылай финалында Беларусь спортшысымен ойнайды
Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакинаның Australian Open-2023 жартылай финалындағы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда Беларусь өкілі, Аустралия ашық чемпионатының екі дүркін чемпионы Виктория Азаренкомен ойнайды.

Матч 26 қаңтар күні болады деп жоспарланған.

Еске салайық, бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open–2023 турнирінің ширек финалында латвиялық Елена Остапенконы жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты.

Елена Рыбакина – Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Ол өз карьерасында да осы бұл турнирдің жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. Рыбакина былтыр "Уимблдон" жарысында топ жарған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан