Әлемдегі ең титулды футболшы адам зорлады деген айыппен қамауға алынды

Әлемдегі ең титулды футболшы адам зорлады деген айыппен қамауға алынды
Фото: "Чемпионат"

"Барселонаның" және Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Альвесті адам зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол бірден кеткісі келетінін айтқан, бірақ бразилиялық оны жібермеген.

"Мен бұл есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой", - дейді бойжеткен.

Бұған дейін Альвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Испанияның "Иә дегеніміз иә" заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Альвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық "Пумас" клубы оның келісімшартын бұзды.

Альвес - әлемдегі ең титулды футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алды. Бразилиялық мансабының ең сәтті кезеңі оның "Барселона" сапындағы өнер көрсетулері болды (2008-2016, 2021-2022). "Көк гранат" құрамында алты рет Испания чемпионы атанды, төрт рет Испания кубогын жеңіп алды, төрт рет ел суперкубогын, үш рет Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек