"Чемпион болу жеткіліксіз". Жәнібек Әлімханұлы батыл жоспарын айтты

"Чемпион болу жеткіліксіз". Жәнібек Әлімханұлы батыл жоспарын айтты
Фото: ©Top Rank

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) жоспарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол әлемдегі ең танымал боксшы болғысы келді.

"Менің мақсатымды білесіздер. Мен әлемдегі ең танымал боксшы болғым келеді. Атақты боксшыны жеңе алмасаңыз, онда танымал бола алмайсыз. Сондықтан мен атақты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Мен үшін чемпион болу жеткіліксіз", - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.

Еске салайық, қазақстандық боксшы қарашада британдық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) жекпе-жекте чемпиондық атағын сәтті қорғаған болатын. Жәнібек жеңіске жетті (116-112 екі рет, 118-110).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек