Қазақстандық файтер жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен жеңді

Қазақстандық файтер жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен жеңді

Қазақстандық UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті.

А.Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, бірінші раундтың соңына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы былтыр әлемнің белді промоушені - UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді. Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін екендігін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова