Универсиада-2023: Қазақстан тағы бір медаль жеңіп алды

Универсиада-2023: Қазақстан тағы бір медаль жеңіп алды
Фото: pixabay.com

Шаңғы жарысынан Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында 3х5 шақырымдық эстафетада қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық команда құрамында Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина өнер көрсетті.

Бірінші орынды Финляндия құрамасы иеленді, күміс Норвегияға бұйырды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші алтын медальмен толыққан еді. Оны Бекентай Тұрлыбеков алып келді.

Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан