Қазақстандық мерген қыздар Әлем кубогында алтын алды

Қазақстандық мерген қыздар Әлем кубогында алтын алды
Фото: ©instagram.com/kazshooting

Стенд атудан Марокко елінің астанасы Рабатта өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль еншіледі. Отандастарымыз командалық есепте "skeet" жаттығуы бойынша үздік шықты.

Әсем Орынбай (Алматы облысы), Зоя Кравченко (Шымкент қ.) және Адель Садақбаева (Астана қ.) команда болып қатысқан жарыстың финалдық кезеңінде АҚШ құрамасынан басым түсті.

Әлем кубогы 24 қаңтарға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің 45 елінен 250-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 13 спортшы бақ сынауда. Спортшыларымыз skeet, trap сындары бойынша жүлдеге таласады.

Мароккодағы Әлем Кубогы  ISSF кестесі бойынша рейтингті жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сол арқылы 2024 жылы Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия алу көрсеткіші артады.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова