Юлия Путинцева жанкешті жеңісінен кейін Australian Open-2023 екінші айналымына өтті

Юлия Путинцева жанкешті жеңісінен кейін Australian Open-2023 екінші айналымына өтті
Фото: Reuters

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open-2023 бірінші айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Vesti.kz-тің хабарлауынша, қазақстандық теннисшінің румыниялық Сорана Кырстя болды. Кездесу кідіріске байланысты 4 сағат 15 минутқа созылды.

Бірінші сетте Кырстя басымырақ ойнады - 6: 2. Ал қалған екі сетте Путинцева жеңіске жетті - 6:4, 6:3.

Әйелдер арасындағы WTA рейтингісінде 47-орында тұрған Путинцева енді чех теннисшісі Каролина Плишковамен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан