Головкин мен Әлімханұлы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына енді

Головкин мен Әлімханұлы әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына енді

Worldboxingnews.net порталы салмақ дәрежесін басшылыққа алмай, (pound-for-pound) әлемнің ең үздік елу боксшысының тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның құрамына бірден екі қазақ боксшысы - Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы кірді.

Басылым мәліметінше, тізім 2023 жылғы қаңтарда жасалған. Онда боксшылардың кейінгі жекпе-жектері ескерілген болуы керек.

Рейтингтегі бірінші орынды украиналық боксшы Александр Усик иеленді. Жапондық Наоя Иноуэ мәреге екінші, ал мексикалық Сауль "Канело" Альварес үшінші орын алды.

Ұлыбританиялық Тайсон Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді жеңгеннен кейін алғаш рет үздік ондықтың қатарынан шығып қалды.

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпион Головкин 27-орында. Сол дивизионда WBO белбеуінің иегері Әлімханұлы 48-орында тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек