Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Данил Васильев 2023 жылғы Универсиадада алтын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап. 

Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан сынға түскен Данил Васильев Дүниежүзілік Универсиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Үздік ондыққа тағы екі қазақстандық - Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин кірді.

Еске салайық, 15 қаңтарда Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түскен болатын. 

Биатлонда Қазақстан атынан 15 шақырымға жеке жарыста төрт спортшы қатысты: Александр Мухин, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков. Бірінші болып Вадим Куралес өтті. Оның нәтижесі - 42 минут 37,4 секунд және ату кезінде бір ғана сырғанау. Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.  

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

С. Сатыбалдина