"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының капитанына ота жасалды

"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының капитанына ота жасалды
Фото: instagram.com/afckairat

"Қайраттың" және футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игитаның арқасына бразилиялық клиникада ота жасалды", - деп хабарлайды Алматы клубының баспасөз қызметі.

Ота сәтті өткен, футболшының жағдайы жақсы. Спортшының толық сауығып кетуі 8-12 аптаға созылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kairat Futsal (@afckairat)

36 жастағы қақпашы алматылық клуб сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның құрамында футболшы Құрлықаралық кубоктың (2014), УЕФА кубогының (2013, 2015) иегері атанды, бірнеше рет Қазақстан чемпионаты мен кубогын ұтты.

Қазақстан құрамасы сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Futsalplanet.com нұсқасы бойынша ол бірнеше рет әлемнің ең үздік қақпашысы атанған (2015, 2016, 2018, 2019, 2020).

Т. Раушанұлы