Месси ойнайтын клуб басшылығы танымал командалардың бірін сатып алуы мүмкін

Месси ойнайтын клуб басшылығы танымал командалардың бірін сатып алуы мүмкін

ПСЖ клубына иелік ететін Qatar Sports Investments (QSI) компаниясы Англия чемпионатындағы футбол клубын сатып алуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Басылым мәліметінше, "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпульдің" бірі қарастырылып отыр. Qatar Sports Investments клубтың бір бөлігін немесе толық сатып алуға дайын. 

Қазір "Манчестер Юнайтед" Англия премьер лигасының турнир кестесінде төртінші, ал "Ливерпуль" алтыншы орында тұр. 

Qatar Sports Investments ПСЖ-дан бөлек, португалиялық "Браганың" 23 пайызына иелік етеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова