"Әбден мезі болдым". Андраде Әлімханұлы туралы батыл мәлімдеме жасады

"Әбден мезі болдым". Андраде Әлімханұлы туралы батыл мәлімдеме жасады
Фото: ©instagram.com/boobooandrade/

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) сияқты қарсыластарымен рингте неліктен кездескісі келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мен өмір бойы міндетті үміткерлермен жекпе-жек өткізіп келемін. Әбден мезі болдым. Одан да өмірімізге бірнәрсе бере алатын жақсы жекпе-жек өткізейік, түсінесіз бе?
Әлімханұлы сияқты жігітпен төбелескеннің сыйы не? Біз бұл жігіттің (Бентли) қайдан келгенін, Лондоннан немесе қайдан келгенін білмейміз, ал ол онымен 12 ауыр раунд өтті. Жігіттер, менің осындай боксшылармен жекпе-жек өткізіп, уақытымды жоғалтқанымды қалайсыздар ма? Мен өз ұрпағымның жігіттерімен төбелескім келеді. Мысалы, Чарло, Плант, Головкин, Канело, Мунгия, менімен деңгейлес жігіттермен, Жәнібек емес", - деп келтіреді Boxingscene.com Андраденің сөзін.

Еске салайық, 34 жастағы Андраде орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпион (2018-2022) болғанымен, кейін титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа өтіп, сол арқылы белбеуін асырған 29 жастағы Әлімханұлымен жекпе-жектен жалтарған болатын. Қарашада қазақстандық ұлыбританиялық Дензел Бентлиге қарсы жаңа мәртебеде чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Андраде екінші орта дивизиондағы алғашқы ойынын отандасы Демонд Николсонға (26-4-1, 22 КО) қарсы өткізеді. Ол 7 қаңтарда АҚШ-та өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек