Роналду "Аль-Наср" сапында шетелдік ойыншыларға шектеу қойылғандықтан дебют жасай алмайды

Роналду "Аль-Наср" сапында шетелдік ойыншыларға шектеу қойылғандықтан дебют жасай алмайды
Фото: Instagram/cristiano

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду шетелдік ойыншыларға шектеу қойылғандықтан, келесі матчта "Аль-Наср" сапында дебют жасай алмайды. Бұл туралы AFP хабарлады.

Сауд Арабиясы чемпионатына сегіз шетелдік ойыншы қатыса алады. Роналду клубтағы тоғызыншы шетелдік футболшы.

"Шетелдіктердің бір бөлігі не өзара келісім бойынша келісімшартты бұзу арқылы, не ауысу арқылы командадан кетуі керек. Мұндай келіссөздер жүргізілуде, бірақ олар соңғы кезеңнен алыс", - делінген хабарламада.

Айта кетейік Роналду "Аль-Наср" клубына ауысты. Ол жылына 75 миллион доллар жалақы болады.

Т. Раушанұлы