Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастырады?

Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастырады?
Фото: kff.kz

Танымал қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан мансабын Болгарияның "Левски" клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Kazakh_football_insaide телеграм-арнасы ақпар таратты.

Бізге жеткен ақпарат бойынша Исламхан болгар командасының қатарына қосылуы мүмкін. Оның ойыны "Левски" жаттықтырушысы Станимир Стойловқа жақсы таныс, - деп жазады паблик.

Талантымен талайды таңдай қақтырған футболшыны Қазақстан премьер-лигасындағы кей клубтар да қатарына қосқысы келеді. Олардың қатарында "Ақтөбе" мен Ақтаудың "Каспий" клубтары бар.

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан 2020 жылдың қыркүйек айында допинг-тест қорытындысы бойынша 2 жыл футболдан шеттетілген болатын. Жуырда ұлттық құрама сапында Өзбекстанға қарсы ойында алаңға шығып, әлі де бабында екенін байқатты.

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!

Н. Үсенова