Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтетіні нақтыланды

Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтетіні нақтыланды
Фото: Instagram/mmajunki

Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (16-0) UFC аясындағы жаңа жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Mmajunkie-дің айтуынша, Рахмонов 4 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен кездеседі.

Бұған дейін Рахмоновтың Нилмен жекпе-жегі 14 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған болатын. Жекпе-жек америкалықтың жарақатына байланысты болмай қалды.

Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде жетінші орында. Ал рейтингіде Рахмонов оныншы орында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MMA Junkie (@mmajunkie)

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!

С. Бөлек