Күтпеген жағдай: UFC президенті әйелімен түнгі клубта төбелесіп қалды

Күтпеген жағдай: UFC президенті әйелімен түнгі клубта төбелесіп қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

UFC президенті Дана Уайт әйелі Эннамен түнгі клубта төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport

Mirror мәліметінше, ерлі-зайыпты Мексикадағы мекемелердің бірінде жаңа жыл тойлаған. Куәгерлердің айтуынша, Уайт пен оның әйелі мас болып, кейін дауласқан. Содан соң күтпеген жерден бір-бірін ұра бастаған. 

"Дана екеуміздің үйленгенімізге 30 жыл болды. Бұл - оған жат қылық, ештеңе дей алмаймын. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Өкінішке қарай, екеуіміз де жаңа жыл қарсаңында көп іштік. Екі жақ та жағдайды бақылай алмай қалдық. Мұны отбасымызбен талқылап, бір-бірімізден кешірім сұрадық. Адамдар жеке өмірімізді балаларымыз үшін құрметтейді деп үміттенемін", - деп келтірген UFC басшысы әйелінің сөзін басылым.

ММА әлеміндегі жетекші промоушен президенті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бірнеше рет қарсы болған. Енді ол өз әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Бір-бірімізді 12 жастан бері білеміз. Бұл - осы кезге дейінгі сұмдық жағдайлардың бірі. Ұяламын. Бұл - бұрын-соңды болмаған жайт, бірінші рет болды. Үш баламыз бар, оларға видеоны көрсеттік. Болған оқиға туралы әркімнің өз пікірі бар, көп жағдайда дұрыс. Әсіресе, маған қатысты. Бірақ әйелім екеуміз бір-бірімізді жақсы көреміз және ұзақ уақыт бірге болдық. Бұл жағымсыз жағдайлардың бірі ғана", - дейді Дана Уайт. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова