Месси немесе Мбаппе? 2022 жылғы үздік сұрмерген есімі белгілі болды

Месси немесе Мбаппе? 2022 жылғы үздік сұрмерген есімі белгілі болды
Фото: ©Fifa

ПСЖ-ның аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы халықаралық матчтердегі сұрмергендердің рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтингіде клуб пен ұлттық құрамаға соққан голдар есептелді.

Мессидің есебінде 22 гол, оның төртеуі клуб үшін, ал 18-і ұлттық құрама үшін. Үздік үштікке, сонымен қатар, француз Килиан Мбаппе 21 (9+12) және аргентиналық Жулиан Альварес 15 (8+7) кірді.

Ең көп гол салған 10 ойыншы:
1. Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина)
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция)
3. Джулиан Альварес ("Манчестер Сити", Аргентина).
4. Эрлинг Холанд ("Боруссия Дортмунд", "Манчестер Сити", Норвегия).
5. Садио Мане ("Ливерпуль", "Бавария", Сенегал)
6. Роберт Левандовски (Бавария, Барселона, Польша).
7. Педро (Фламенго, Бразилия).
8. Эльдор Шомуродов (Рома, Өзбекстан).
9. Ришарлисон ("Эвертон", "Тоттенхэм", Бразилия).
10. Мохамед Салах ("Ливерпуль", Мысыр)

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!

С. Бөлек