Дамир Ысмағұлов күтпеген жерден спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады

Дамир Ысмағұлов күтпеген жерден спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады
Фото: ©instagram.com/ismagulov_damir

UFC-де өнер көрсететін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов спорттан кететінін мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, жағдайға және денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға мәжбүрмін. Ұрыстардағы нәтижеге қарамастан менімен бірге болған, шын жүректен уайымдағандардың барлығына рахмет», - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дамир “Qazaq” Исмагулов (@ismagulov_damir)

Оқырмандар бұл күтпеген  жаңалық екенін жазды. Дамирге  спорттағы достары қолдау білдірді.

"Бауырым, сенің әлі талай жекпе-жектерге шығып, жеңіске жететініңе сенімдімін! Чемпион еңсеңді түсірме!", - деп жазды қазақстандық боксшы Артем Резников.

Дамир Ысмағұлов 31 жаста. Оның ММА-да 24 жеңісі мен екі жеңілісі бар. Өткен жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турниріндегі соңғы жекпе-жегінде Арман Царукянды жеңілді. Бұған дейін Дамир 2015 жылдың қыркүйегінде M-1 Global League турнирінде жеңілген болатын.

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!

Т. Раушанұлы