ТОП 5 Лига: Мбаппе 2022 жылдың үздік сұрмергені атанды

ТОП 5 Лига: Мбаппе 2022 жылдың үздік сұрмергені атанды
Фото: IMAGO / www.imago-images.de / Global Look Press

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылды Еуропаның үздік 5 чемпионатының ойыншылары арасында үздік бомбардир ретінде аяқтады. Бұл туралы championat.com жазды.

24 жастағы француз футболшысы 56 матчта 56 гол соқты. Килиан биылғы "Алтын доп" сайысында алтыншы орынды иеленді. Сондай-ақ, ол Франция чемпионы және суперкубогының жеңімпазы атанып, өз елінің құрамасымен Катарда өткен әлем чемпионатының финалына шықты. Ақтық ойында Франция пенальтилер сериясында Аргентина құрамасынан ұтылып қалды.

Сондай-ақ, Мбаппе Лига 1-дің осы маусымдағы үздік сұрмергені. Бұл маусымда шабуылшы 15 ойында 13 гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Transfermarkt Мбаппені 180 миллион еуроға бағалады.

Т. Раушанұлы