Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін
Фото: ©instagram.com/leomessi

Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы - "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан жасақталған команда болмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч қаңтар ортасына жоспарланған.

Еске салайық, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында.

Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапына қосылғаны белгілі болды.

Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек