"Дені дұрыс форвард керек". "МЮ" бапкері Роналдудың орнына шабуылшы іздеп жатыр

"Дені дұрыс форвард керек". "МЮ" бапкері Роналдудың орнына шабуылшы іздеп жатыр
Фото: © REUTERS / Kai Pfaffenbach

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Эрик тен Хаг командаға жаңа шабуылшы қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Әрине, біз шабуылшыдан айырылып қалғанымызды білеміз. Сол үшін командамызға форвард қажет. Бірақ жөні түзу шабуылшы керек. Дені дұрыс форвард дегеніміз - негізгі құрамда алаңға шығып түк бітірмеу емес, кәдімгідей командасына көмектесетін, гол соғатын, кері тартпайтын, адамгергершілігі мол ойыншы. "Манчестер Юнайтедтің" талабы жоғары. Соған лайық болуы керек", - дейді тен Хаг.

Еске салайық, Қатардағы әлем чемпионатында Криштиану Роналду "қызыл сойқандармен" келісімшартын үзген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек