Әлемнің үздік шахматшысына қазақ шапаны мен баскиімі сыйға тартылды

Әлемнің үздік шахматшысына қазақ шапаны мен баскиімі сыйға тартылды
Фото: ©worldrapidandblitz2022.fide.com

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында жылдам шахматтан (рапид және блиц) 2022 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қонақтар арасында әлемнің үздік шахматшысы, норвегиялық Магнус Карлсенге қазақ шапаны сыйға тартылды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 желтоқсанға дейін Алматыда өтіп, оған 50 елдің ойыншылары қатысады.

Турнирді FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырады.

Жүлде қоры - 1 миллион доллар.

Әлем чемпионатының фавориттері - қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), Хикару Накамура (АҚШ), Фабиано Каруана (АҚШ), Ян Непомнящий (Ресей), Аниш Гири (Нидерланд), Александр Грищук (Ресей), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша), Юй Янъи (Қытай) және қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв (Франция).

Әйелдер арасында - Александра Горячкина (Ресей), Катерина Лагно (Ресей), Хумпи Конеру (Үндістан), Тан Жонгуй (Қытай), Нана Дзагнидзе (Грузия), Харика Дронавали (Үндістан), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан), Сарасадат Хамедалшарьех (Иран), Антоанета Стефанова (Болгария), қазіргі чемпиондар Александра Костенюк (Ресей) және Бибісара Асаубаева (Қазақстан) өнер көрсетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек