"Үздіксіз күнде жаттығады". Поль Погба Роналду туралы ойын бүкпесіз айтты

"Үздіксіз күнде жаттығады". Поль Погба Роналду туралы ойын бүкпесіз айтты
Фото: instagram.com/cristiano

"Ювентус" ойыншысы Поль Погба телеэфирдің бірінде Криштиану Роналдудың ойынына қатысты пікір білдірді. Португалиялық шабуылшы "Манчестер Юнайтедке" ауысарға дейін екі футболшы италиялық клубта бірге ойнады, - деп хабарлайды Daily Mail

"Тәртіпке беріктігі керемет, ондайды бұрын көрген емеспін, өзгелермен салыстырғанда басқа деңгей. Кәсіпқой футболшылардың жаттығуға ертерек келетінін көремін, қалыпқа келу жаттығуларын жасайды, бірақ Криштиану Роналду ғана мұны үздіксіз күнде істейді! Кейде ойлайсың, "ой қойшы, менде бәрі дұрыс қой" деп. Ал ол бір күнді де жібермейді. Мұндай тәртіп - ерекше бір дүние", - дейді Погба. 

Еске салайық, Роналду "Ювентустен" жазда "МЮ-ге" ауысқан, ал қазіргі таңда клубсыз жүр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек