Рыбакина Дубайда өткен турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Рыбакина Дубайда өткен турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Фото: ©REUTERS

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінің көшбасшысы польшалық Ига Швентектен басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дүниежүзілік теннис лигасы (WTL) турниріндегі кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталды. Матч бір сағат екі минутқа созылды.

Айта кетейік, бұл ойын WTL финалы аясында өтті, онда Рыбакинаның "Сұңқарлар" деп аталатын командасы "Киттер" командасымен кездеседі.

Келесі кезекте Рыбакинаның әріптестері германиялық Александр Зверев, сондай-ақ, ресейлік Анастасия Павлюченковамен тандемде өнер көрсететін австриялық Доминик Тием өз кездесулерін өткізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек