Төрт нокдаун. Садриддин Ахмедов қарсыласын ойсырата жеңді

Төрт нокдаун. Садриддин Ахмедов қарсыласын ойсырата жеңді
Фото: ©Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) кәсіпқой рингке сенім оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматыда өткен бокс кеші аясындағы негізгі жекпе-жекте Ахмедов 40 жастағы оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 КО) кездесті.

Жекпе-жек біржақты болды. Бірінші раундтың өзінде қазақстандық қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Мхлонго екінші айналымға өте алмады.

Осылайша, Ахмедов проф рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол 11 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Айта кетейік, қазақстандық рингке екі жылға жуық уақыттан кейін оралды. Ахмедов бұған дейін былтыр қаңтарда бокспен айналысқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек