Нокаут! Батыр Жүкембаев Алматыдағы бокс кешінде жеңіске жетті

Нокаут! Батыр Жүкембаев Алматыдағы бокс кешінде жеңіске жетті
Фото: ©instagram.com/batyr_jukembaev/

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өнер көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандықтың қарсыласы "Жолбарыс" деген атпен танымал оңтүстік африкалық Ксолани Мкотели (19-7, 12 КО) болды. Олардың он раундқа есептелген жекпе-жегі Жукембаевтың алтыншы раундта техникалық нокаут жеңісімен аяқталды. Бұған дейін қазақстандық қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген.

Осылайша, бұл - қазақстандықтың про-рингтегі 20-шы жеңісі. 16 рет Жүкембаев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Кейінгі рет рингке былтыр желтоқсанда Монреальда (Канада) шығып, мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69 секундта нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, Холаниге қарсы жекпе-жек Жүкембаевтың Қазақстандағы мансабындағы алғашқысы болды. Бұған дейін Канада мен АҚШ-та жекпе-жек өткізген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек