Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы ММА-дағы дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы ММА-дағы дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: видео кадры

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы Эли Қадыров кәсіпқой аралас жекпе-жектегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengri Sport.

23 желтоқсанда Эли Қадыров Мәскеуде өткен ACA 150 турнирінде өнер көрсетті. Шешенстан басшысының ұлы Ислам Акбаровқа қарсы жекпе-жекте бірінші раундтың үшінші минутында техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл 17 жастағы Акбаровтың да ММА-дағы кәсіби дебюті болған.

Эли Қадыров шведтік файтер Хамзат Чимаев пен UFC-нің бұрынғы чемпионы Коди Гарбрандтпен жекпе-жекке дайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан