Қазақстандық клуб А сериясының командасымен кездесті

Қазақстандық клуб А сериясының командасымен кездесті
Фото: ©instagram.com/sampdoria

"Қайсар" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Италияның "Сампдориясымен" кездесті, деп жазады Vesti.kz.

Бірінші таймда "Сампдория" қызылордалықтардың қақпасына бір гол салса, үзілістен кейін екі гол соқты. Қорытынды есеп - 3:0.

Еске салайық, желтоқсаннан бастап Виктор Кумыков "Қайсар" командасының тізгінін ұстаған.

Әзірге "Сампдория" 2022/23 жылғы маусымда Италияның А сериясында 15 матчта 6 ұпаймен 19-орында келеді.

Еске салайық, Бірінші лигада екінші орын алған "Қайсар" Премьер-лигаға жолдама алған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш