Қазақстандық актер ММА турниріндегі жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық актер ММА турниріндегі жекпе-жекте жеңіске жетті
Фото: ©instagram.com/octagonleague

Танымал қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар OCTAGON 38 турнирінде жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматыда өткен шарада Еркебұлан Иран өкілі Джабер Мирзазадемен кездесті.

Жекпе-жектің үшінші финал раундында қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Еркебұлан үшін бұл - мансабындағы бесінші жеңісі.

Айта кетейік, кештің басты белдесуінде жеңіл салмақ дәрежесінің өкілдері - бразилиялық Дженилтон Матос (11-4) пен қазақстандық Бекзат Алмахан (13-1) жұдырықтасады. 25 жастағы Матос үш үзіліс сериясын жалғастырып жатыр және бұл оның Қазақстан лигасындағы дебюті болмақ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек