"Месси қайда?" деп әзілдеген жанкүйер финалда күлкіге қалды

"Месси қайда?" деп әзілдеген жанкүйер финалда күлкіге қалды
Фото: Видео кадрлары

Желіде Сауд Арабия жанкүйерінің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Катардағы әлем чемпионатының 1-турында Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен жеңген болатын. Сол ойыннан кейін араб жанкүйері "Месси қайда?" деп әзілдеген видеосы тараған.

Кейін Аргентина әлем чемпионатының финалына шығып, Франциямен кездескенде дәл сол жанкүйер Мессидің командасын қолдапты.

"Алға, Аргентина! Бірақ мен Сауд Арабиясының тұрғынымын", - дейді ол финалда.

@c1ashio "Where is Messi" they said #worldcup ♬ Dc do rn reverso - Rn reverso

Жанкүйердің бұл сөзі TikTok-та 5 миллионға жуық қаралым жинаған.

"Мессиді ақыры тауыпты ғой", "Сенің екіжүзді досың", "Бұл жігіт команда ауыстырған ба?", "Месси қайдадан" "мен Мессимен біргемін" деуге ауысты", - деп жазған Желі қолданушылары.

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы жеңіске жеткен болатын. Месси финалда дубль жасап, турнирдің үздік ойыншысы атанған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш