Жеңіліс тапқаннан кейін Франция құрамасының қара нәсілді ойыншыларына хейт айтыла бастады

Жеңіліс тапқаннан кейін Франция құрамасының қара нәсілді ойыншыларына хейт айтыла бастады
Фото: livejournal.com

Франция футбол федерациясы ұлттық құрама ойыншыларының үстінен әлеуметтік желілерде нәсілшіл пікір қалдырғандар үстінен шағым түсірмек, - деп хабарлайды rsport.ria.ru.

Францияның қара нәсілді ойыншылары Кингсли Коман, Орельен Тчуамени мен Рандаль Коло-Муаниға Катарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентинадан жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде түрлі нәсілшіл пікір қалдырған. 

Қосымша уақыттың аяғында Коло-Муани аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинесдан доп асырып, гол сала алмады. Коман мен Чуамени пенальтилер сериясында да гол сала алмады. Финал матчтен кейін қолданушылар жазбаларға маймылдар мен банандар бар эмодзилерді қосып, кемсітетін хабарламалар қалдыра бастады.

"Әлем чемпионатының финалынан кейін бірнеше француз ойыншысы әлеуметтік желілерде нәсілшіл сөздердің нысанасына айналды. Франция футбол федерациясы оларды айыптайды және олардың авторларына да шағым түсіреді", - делінген Twitter-де жарияланған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек