Twitter қолданушысы Месси чемпион атанатынын 7 жыл бұрын дәл болжаған

Twitter қолданушысы Месси чемпион атанатынын 7 жыл бұрын дәл болжаған
Фото: Твиттер / josepolanco10

Жозе Мигель атты Twitter қолданушысы жеті жыл бұрын биылғы футболдан өткен Әлем чемпионатында Аргентина жеңіске жетіп, Месси үздік атанатынын дәл тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жозе Мигель расында 2015 жылдың 21 мамырында биылғы Әлем чемпионатында кім жеңетінін дәл тапқан. Айта кетейік, Twitter-де бұрын жарияланған жазбаны қайтадан өзгертуге болмайды, тек өшіріп тастауға ғана болады. 

"2022 жылдың 18 желтоқсаны. 34 жастағы Лео Месси әлем чемпионатында жеңіске жетіп, ең үздік ойыншы атанады. Менімен 7 жылдан кейін байланыста болыңыздар", - деп жазған ол.

Жозе Мигельдің бұл жазбасына көптеген адам лайк басқан. Мысалы 107,3 ретвит жасаса, 67,8 мың адам бұл твиттерге сілтеме қойған. Одан бөлек, 280 мыңға жуық адам лайк басқан.  

Алты гол соғылды. Аргентина құрамасы Катардағы әлем чемпионатында топ жарды

Еске салайық, биылғы Әлем чемпионатында Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанды. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франция құрамасымен кездесті.

@massaget.kz #франция#аргентина#әлемчемпионаты#чемпионатмира#fifa#worldcup#2022#месси#мбаппе ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина