"Шал бәрін құртты". Қуат Хамитов ӘЧ финалы туралы пікір білдірді

"Шал бәрін құртты". Қуат Хамитов ӘЧ финалы туралы пікір білдірді
Фото: Tengrinews.kz

Танымал қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатының финалы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионатының шешуші кездесуінде Аргентина мен Франция құрамалары бақ сынасты. Негізгі және қосымша уақытта жеңімпаз анықталмады, бірақ пенальтиде оңтүстікамерикалықтар жақсы өнер көрсетті.

"Бұл мен көрген әлем чемпионатының ең жақсы финалы болды! Қандай матч!
P.S: Турнирдің басында мен Роналду мен Месси финалда кездеседі деп ойладым, бірақ шал бәрін құртты", - деп жазды Хамитов әлеуметтік желіде.

Еске салайық, кеше Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек